АНОНС

АНОНС

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі әзірленген реттеушілік саясаттың консультативтік құжаттарының жобасын ресми интернет-ресурста және «Ашық НҚА» интернет-порталында орналастыру туралы хабардар етеді:

  1. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасына реттеуші саясаттың консультативтік құжатының жобасы (Министрліктің сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/qogam/documents/details/314472?lang=kk сілтеме бойынша, «Ашық НҚА» порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14117035 сілтеме бойынша қол жетімді);
  2. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпаратқа қол жеткізу және қоғамдық қатысу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасына реттеуші саясаттың консультативтік құжатының жобасы (Министрліктің сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/qogam/documents/details/314462?lang=kk сілтеме бойынша, «Ашық НҚА» порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14117012 сілтеме бойынша қол жетімді).

Жобалар ақпарат иеленушілері қызметінің ашықтығы мен айқындығын арттыруға бағытталған. Олар ҚР 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасын және ҚР 2030 жылға дейінгі мемлекеттік басқаруды дамыту тұжырымдамасын іске асыру үшін әзірленді.

Осыған байланысты Министрлік мүдделі тұлғалар мен ұйымдарды жоғарыда көрсетілген сілтемелер бойынша «Ашық НҚА» порталында осы жобаларды талқылауға қатысуға шақырады.