Бүгін, 8 маусымда Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл арасындағы ынтымақтастықты дамыту туралы меморандумға қол қойылды.
Меморандумға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов пен Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова қол қойды.
Меморандум Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық құрылымдары мен медиаторларын құқық қорғау қызметіне тартуды, этномедиацияны дамытуды, қоғамдағы зорлық-зомбылық деңгейін төмендетуді, жастармен жұмыс жасауды, шиеленістердің алдын алу мен шиеленістен кейінгі реттеу жұмыстарын, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрес, сондай-ақ әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстардың алдын алуды көздейді.
Айта кетейік, Меморандум Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 29 сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХI сессиясында берген тапсырмаларын іске асыру аясында жасалды.