
Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Александр Данилов ашықтық, тиімділік және әділдік қағидаттарына негізделген мемлекет, бизнес және жергілікті қауымдастықтар арасындағы өзара тиімді жаңа қарым-қатынас жүйесін құруға шақырды.
13 мамырда Astana Legal Forum аясында II GR Форум-2022 өтті.
Бұл мемлекеттік органдар және жұртшылықпен байланыс жөніндегі кәсіпқой мамандарды, қоғамдық пікір көшбасшыларын, мемлекеттік және бизнес құрылымдардың топ-менеджерлерін біріктіретін жыл сайынғы Қазақстан индустриясының GR оқиғасы.
Іс-шара Қазақстанның GR секторының проблемалары мен перспективаларына, сондай-ақ дағдарыс жағдайында бизнес пен биліктің тиімді өзара іс-қимыл құралдарына қатысты мәселелерді талқылауға арналды.
«Дағдарыс жағдайындағы бизнес пен биліктің өзара іс-қимылы: GR рөлі» сессиясынының стратегиялық коммуникацияның маңыздылығы, ашықтық, жеделділік бөлігінде Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі А.Данилов мемлекеттік сектордағы ауқымды өзгерістер туралы айтып берді.
#GRHUB #Astanalegalforum