
Бүгін, 13 мамырда, Түркия Республикасының Ыстамбұл қаласында Түркі мемлекеттері Ұйымының медиа және ақпарат жөніндегі жоғары лауазымды тұлғаларының кездесу шарасы аясында, БАҚ және медиа саласындағы жұмыс тобының отырысы болып өтті.
Ақпарат және БАҚ саласындағы ынтымақтастықты нығайтып, оны дамыту мәселелері талқыланған бұл іс-шара мамырдың 13-15 аралығына жоспарланған.
Халықаралық деңгейдегі аталмыш шараға Қазақстан Республикасы, Әзірбайжан Республикасы, Түркия Республикасы, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Венгрия, Түрікменстан мемлекеттерінің өкілдері қатысуда.
Шара ертең, 14 мамырда, Түркі мемлекеттері Ұйымының министрлері мен медиа және ақпарат жөніндегі жоғары лауазымды тұлғаларының төртінші отырысымен; сонымен қатар, түрлі тақырыптық панельдік сессиялар және пленарлық отырыстармен жалғасады.