5 мамыр күні Петропавл қаласында «Референдум 2022: саяси жүйені либерализациялау» атты «Sarap» эксперттік клубының аймақтық отырысы өтті.
Шараны ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ ұйымдастырды.
Отырысқа қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдардың өкілдері, СҚО облыстық мәслихатының депутаттары және ҚҚДИ сарапшылары қатысты.
Отырысқа қатысушылар Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен түзетулерді талқылады. Атап айтқанда, Президенттің өкілеттігі, оның қызметіне байланысты шектеулер; Орталық сайлау комиссиясының, Есеп комитетінің, Конституциялық кеңестің төрағалары мен мүшелерінің саяси партиялардан шығуы; Парламент Сенаты мен Мәжілісін қалыптастыру тәртібі мен функциялары, мәслихаттарды қалыптастыру тәртібі және т.б.
Сонымен қатар дауыс беру қорытындылары елдегі қоғамдық-саяси жағдайға қалай әсер ететіндігіне талдау жасалды.