
27 сәуір күні Қарағанды қаласында Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ алаңында «Екінші Республика: конституциялық реформалар» атты «Sarap» эксперттік клубының отырысы өтті.
Шараны АҚДМ қолдауымен «ҚҚДИ» КеАҚ ұйымдастырды.
Отырысқа Е. А. Бөкетов атындағы ҚарМУ профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттері, мемлекеттік органдар өкілдері мен қоғам қайраткерлері қатысты.
Отырыс қатысушылары «Екінші Республика» ұғымының нені білдіретінін және оның алдында мәлімделген «Жаңа Қазақстан» тұжырымдамасымен өзара байланысын талқылады.
Сондай-ақ, шара барысында сарапшылар елдегі саяси жүйеге негізгі заңға еңгізілетін өзгерістер мен толықтырулар қалай әсер ететіні туралы пікір алмасты.
Айта кету керек, студенттер іс-шараға белсенді қатысып, талқыланған саяси тақырыптар бойынша өз пікірлерімен бөлісті.