Қазақстан Нәсілдік кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы халықаралық конвенцияның орындалуы бойынша сегізінші-оныншы жиынтық мерзімді баяндаманы сәтті қорғады

Қазақстан Нәсілдік кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы халықаралық конвенцияның орындалуы бойынша сегізінші-оныншы жиынтық мерзімді баяндаманы сәтті қорғады
2022 жылғы 21-22 сәуірде Женевада Қазақстан Республикасы Нәсілдік кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы халықаралық конвенцияның орындалуы туралы сегізінші-оныншы жиынтық мерзімді баяндаманы сәтті қорғады.
Қазақстандық делегация құрамына ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның және мемлекеттік органдардың өкілдері кірді.
Нәсілдік кемсітушілікті жою комитетінің 106-шы сессиясында өткен кезеңде атқарылған жұмыстар туралы делегация басшысы - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғ. Шойкин баяндама жасады.
Ғ. Шойкин атап өткендей, Конвенцияға қосыла отырып, Қазақстан нәсілдік дискриминацияның барлық түрлері мен көріністерін жоюға, нәсіліне, келбетіне, ұлттық немесе этникалық тегіне қарамастан әр адамның заң алдындағы теңдігін қамтамасыз етуге міндеттеме алды.
Ғ. Шойкин халықаралық қоғамдастықты Қазақстан Президенті Қ.К. Тоқаевтың институционалдық жүйені нығайту және азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау жөніндегі бастамалары туралы хабардар етті.
Екі күн ішінде БҰҰ комитетінің мүшелерімен 120-ға жуық мәселе айтылды. Диалог барысында қазақстандық тарап халықаралық сарапшылардың сұрақтарына түсініктемелер мен жауаптар берді.