
Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Александр Данилов Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында Шу қаласының Жастар ресурстық орталығында болып, жас кәсіпкерлер, белсенділер, спортшылар, еріктілермен кездесу өткізді, оның барысында жастарды толғандыратын проблемалар мен үміттері айтылды, сондай-ақ, жастар саясатын қазіргі заманға бейімдеу бойынша мемлекеттің басым міндеттері белгіленді.
Кездесуге қатысушылар ауыл жастарына арналған мемлекеттік бағдарламаларды дамыту бойынша идеяларымен, жастар ресурстық орталықтарының жұмысын, сондай-ақ, республикалық деңгейде енгізілуі мүмкін жас кәсіпкерлерді қолдау тәсілдері туралы ойларымен бөлісті.
«Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мемлекеттік органдармен бірлесіп, жастарды қоғамдық-саяси өмірге тартуға және қолдауға бағытталған бірқатар жүйелі шараларды әзірлеуде. Бізге жастардың көңілін қалдырмай, олардың әлеуетін іске асыру үшін қолайлы мүмкіндіктер жасау өте маңызды. Бізге дәл солар үшін жасалған мемлекеттік бағдарламаларды жақсарту үшін өңірлердегі жастардың пікірін білу аса маңызды. Халықпен тығыз қарым-қатынас және бірлесіп үздіксіз жетілдіру - Жаңа Қазақстанның маңызды негіздері» - деп атап өтті вице-министр.
Өткізілген кездесулердің қорытындылары бойынша тиісті мемлекеттік органдар үшін ұсынымдар әзірленетін болады.
Естеріңізге сала кетейік, арнайы құрылған Gov2jastar Телеграмм-арнасында жастар саясатын жақсарту және жаңғырту бойынша ұсыныстар мен бастамаларды жинау бойынша жастар арасында сауалнама іске қосылды.