ҚҚДИ «Sarap» эксперттік клубы мен ҚазҰУ студенттік пікірталас клубының «Саяси реформалар: тәуекелдер мен перспективалар» тақырыбында бірлескен отырысы өтті

ҚҚДИ «Sarap» эксперттік клубы мен ҚазҰУ студенттік пікірталас клубының «Саяси реформалар: тәуекелдер мен перспективалар» тақырыбында бірлескен отырысы өтті

Бүгін Алматы қаласында «Sarap» эксперттік клубы мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Политолог» студенттік пікірталас клубының «Саяси реформалар: тәуекелдер мен перспективалар» тақырыбында бірлескен отырысы өтті.
Шараны ҚР Ақпарат және қоғамдық даму минстрлігінің қолдауымен «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ ұйымдастырды.

Іс-шараға саясаттанушылар, ҚазҰУ-дың профессорлық-оқытушылық құрамы, магистранттар, университет докторанттары және ҚҚДИ сарапшылары қатысты.
Эксперттік клуб қатысушылары Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» Қазақстан халқына Жолдауында айтылған саяси реформалар бағдарламасы бойынша өз пікірлерін білдіріп, қазақстандық қоғамды саяси трансформациялауға бағытталған бірінші кезектегі шараларды атап өтті. Сондай-ақ, сарапшылар болашақ реформалардың перспективаларын бағалап, ықтимал тәуекелдерге талдау жасады.

Эксперттік клуб отырысының модераторы ретінде Қазақстандық қоғамдық даму институтының төрағасы Қазбек Майгелдинов өткізіліп жатқан іс-шараның өзектілігін, саяси реформалардың жаңа бағдарламасы республика өмірінің барлық саласына серпін беретін маңызды тарихи кезең екенін атап өтті:
«Біздің іс-шарамыздың негізгі мақсаты - Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы аясында айтылған саяси реформалардың негізгі тезистеріне тереңірек тоқталу».

Отырыс барысында Қазбек Майгелдинов ҚҚДИ-ның 2021 жылғы атқарған қызметі мен жұмыс қорытындыларымен бөлісті, сондай-ақ қазақстандықтарды соңғы Жолдау туралы ақпараттандыру бойынша телефон арқылы жүргізілген сауалнаманың нәтижелерімен таныстырды:
«14 облыс пен Республикалық маңызы бар 3 қалада (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары) 1200 респонденттен жауап алынды. Телефон арқылы жүргізілген сауалнама көрсеткендей, халықтың 78,5% -ы мемлекет Басшысының Жолдауын тыңдап оң әсер алды. Ел азаматтарының естерінде жиі қалған ақпарат туралы айтатын болсақ, 38,8% -ы үш жаңа облыстың құрылғандығы туралы бастамаларды айтады. 29,7% -ы президенттің жақын туыстары үшін мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда басшы лауазымдарды атқаруға тыйым салынғанын еске алды».

«Альтернатива» өзекті зерттеулер орталығының директоры, саясаттанушы Андрей Чеботарёвтің айтуынша, конституциялық реформа Қазақстанның саяси өміріндегі маңызды оқиғаға айналады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың референдум институтын пайдалануды қайта бастауы өзі жүргізіп отырған саяси бағыттың маңызды құрамдас бөліктерінің бірі, сондай-ақ елдің саяси жүйесін түбегейлі реформалауға және азаматтарды мемлекеттік басқаруға кеңінен тартуы оның адалдығының көрінісі. Жарияланған саяси реформалардың мазмұны мен сипаты, оның ішінде суперпрезиденттік басқару моделінен шығуды ескере отырып, еліміздің негізгі заңына енгізілген тиісті түзетулерді қазақстандықтардың елеулі бөлігі қолдайды деп күтілуде. Конституциялық реформаны референдум арқылы жүзеге асыру, шет елдердегі және халықаралық ұйымдардағы саяси топтар мен қалың жұртшылық арасында оң пікір туғызуы мүмкін», - деп сенімді пікір білдірді Андрей Чеботарёв.

Іс-шара барысында Қазақстандық қоғамдық даму институты және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.