Этносаяси мәселелер – басты назарда

Этносаяси мәселелер – басты назарда

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен 2022 жылғы 6-8 сәуірде Тараз қаласының Достық үйінде «Этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру» тақырыбында үш күндік семинар-тренинг өткізілді.
Ұйымдастырушылар қатарында ҚР Бас Прокуратурасы, ҚР ҰҚК, ҚР ІІМ, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты және Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы.

Іс-шараға этносаралық этноәлеуметтік шиеленіс картасына кіретін Жамбыл облысының аудан әкімдері және ауылдық округ әкімдері, білім бөлімдерінің басшылары және ҚР құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысты.
Семинар-тренинг көпэтносты аймақтардың және этникалық топтар ықшам тұратын жерлердегі тұрғындармен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы, сондай-ақ көпэтносты ортада жастар мен жасөспірімдердің толеранттық тәрбиесін, құқықтық санасын дамыту мәселелері егжей-тегжейлі түсіндіруге бағытталған.

Іс-шараны өткізу кезінде қатысушылар, атап айтқанда, аудан және ауылдық округ әкімдері, білім беру жүйесі мен күштік құрылымдардың өкілдері этносаясаттың бірқатар өзекті мәселелерін талқылады. Олар жастар ортасындағы, еңбек ұжымдарындағы өзара іс-қимылдар туралы сауалдар қойып, кәсіби, тәжірибелі мамандардан толыққанды жауаптар алды. Сондай-ақ, жанжалды жағдайларды реттеу тәсілдері туралы да толық ілімге ие болды.

Үш күнгі семинар бойына қатысушылар алдында этносаралық саладағы мемлекеттік саясаттың басымдықтары және мемлекеттік органдар мен қоғам өкілдерінің өзара ынтымақтастығы туралы негізгі баяндаманы ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту жөніндегі комитетінің төрағасы Ғ. Шойкин жасады.

Сонымен қатар, іс-шара барысында Ғ. Шойкин Жамбыл облысының ҚХА мүшелері және этномәдени бірлестіктер өкілдерімен кездесу ұйымдастырып, жүздесіп, сұхбаттасты.

Қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталды.