
19-23 наурыз аралығында "Қайырымды Ұлт" республикалық қайырымдылық акциясы аясында Наурыз мейрамын мерекелеу барысында жастар ресурстық орталықтары жастар ұйымдарымен және еріктілермен бірлесіп, қайырымдылық концерттерін, балалар үйлерінде, қарттар үйлерінде, көп балалы және аз қамтылған отбасылар, қиын өмірлік жағдайға тап болған әйелдер мен балалар үшін тегін психологиялық көмек және азық-түлік жиынтықтарын таратуды ұйымдастырды.
Сонымен қатар, жастар белсенділері жалғыз басты қарттарға шаруашылық және тұрмыстық қызмет көрсету бойынша көмек көрсетті, азық-түлік сертификаттары берілді.
2 мыңнан астам мұқтаж отбасы азық-түлік себетін, қажетті заттарды, оқушыларға арналған кеңсе тауарларын алды.
Бұл қайырымдылық акциялары наурыз айының соңына дейін еліміздің барлық өңірлерінде жалғасады.