
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің зерттеулерінің консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырмаларының құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі бұйрығының жобасын (бұдан әрі – Жоба) әзірленді.
Жоба Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді.
Жобада мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы, Діни қызмет, мемлекеттік жастар және отбасы саясаты, қоғамдық сананы жаңғырту, қайырымдылық, волонтерлік қызмет, Медиация салаларындағы мемлекеттік тапсырмалардың, зерттеулердің, ішкі саяси тұрақтылықты, конфессияаралық және этносаралық келісімді қамтамасыз ету, ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ететін зерттеулерінің консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырмаларының құнын айқындау тәртібін реттейтін қағидаларын бекіту көзделеді.
Қоғамдық талқылау мақсатында жоба «Ашық НҚА» интернет-порталында 2022 жылғы 4 наурызда орналастырылған.
Жобаға сілтеме: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14023012