
Барлық деңгейдегі қоғамдық кеңестердің өкілдері қоғамдық кеңестер мүшелерінің әлеуетін арттыру жөніндегі семинар-тренингке қатысты.
Тренинг барысында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Халық бірлігі – жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» Жолдауының мемлекет пен қоғам арасындағы саналы және сындарлы әріптестікті одан әрі дамыту үшін қоғамдық кеңестердің институционалдық әлеуетін іске асыру жөніндегі негізгі аспектілері талқыланды.
Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары Г. Сұлтанова өз сөзінде «Министрлік азаматтық қоғаммен бірлесіп, қоғамдық кеңестердің жаңа құрамын сапалы жаңарту және олардың қызметін жандандыруды күшейту жөніндегі шараларды іске асыратын болады» деп атап өтті.
Сондай-ақ, тренинг барысында семинарға қатысушылар қоғамдық кеңестер арасында тәжірибе және үздік тәжірибелермен алмасты.
Жалпы, іс-шара азаматтық қоғамның құқықтық ортасын нығайту мақсатында құқық үстемдігі бастамасы (ABA ROLI) ынтымақтастық туралы меморандум аясында өткізілді.