
Асқар Умаров ақпарат және қоғамдық даму саласындағы белгілі әйел адамдарды келе жатқан Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.
8 наурыз Мерекесі күніне орай ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Умаров БАҚ, ҮЕҰ, Қазақстан халқы Ассамблеясының және жастар ұйымдарында жұмыс істейтін ханымдармен кездесті.
«Әйелдер біздің Қазақстанның дамуына үлкен үлес қосады. Сіздердің еліміздің әртүрлі салаларындағы қызметтеріңіз соған дәлел болып табылады. Мерекенің алдындағы осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Сіздерді шын жүректен еңбектеріңіз бен отбасы құндылықтарын сақтай білгендеріңіз үшін алғыс білдіремін. Біз Сіздердің сұлулықтарыңызға, еңбекқорлығыңызға, Қазақстан әйелдерінің сүйкімділігіне тәнтіміз», - деді министр.
Сонымен қатар, Асқар Умаров мемлекет қатысатын компаниялардың басқару органдарында әйел адамдардың үлесін біртіндеп 30%-ға дейін өсіру бойынша Мемлекет Басшысы Қ.К.Тоқаев тапсырма бергенін еске салды. Ол бұл тапсырма бойынша белсенді жұмыстың жүргізіліп жатқандығын атап өтті.
Салтантты кездесуді аяқтай отырып, министр барлығына денсаулық пен сәттілік тіледі.