
Осы аптада Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Умаровтың Қазақстандағы бірқатар шет мемлекеттердің елшілерімен кездесулері өтті. Атап айтқанда:
Әзірбайжан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Агалар Атамоғланов;
Беларусь Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Павел Утюпин;
Қырғыз Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Дастан Дүйшекеев.
Кездесулер барысында Қазақстанның Әзірбайжанмен, Беларусьпен, Қырғыз Республикасымен Министрліктің жетекшілік ететін салалары бойынша ынтымақтастығы мен даму перспективалары, сондай-ақ елдер арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына арналған шаралар талқыланды.