
Бүгін Шымкент қаласы Қаратау аудандық Жастар ресурстық орталығы базасында ресурстық орталықтарының қызметкерлері, колледждердің жастар ісі жөніндегі комитет өкілдері, студент, жұмысшы жастармен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов кездесті.
Кездесудің басты мақсаты Қазақстанда іске асырылып отырған жастарға қатысты бағдарламалармен, жобалар жайлы ақпараттандыру және алдағы жоспарларды таныстыру. Атап айтқанда:«Zhas project» жобасы іске асырулы, «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына жастарды қатысытыру т.б.
Сонымен қатар, NEET санатындағы жастармен және әлеуметтік осал жастармен жұмыс жөніндегі шаралар кешенін іске асыру (ЖРО-да NEET санатындағы жастармен жұмыс бөлімдерін құру, NEET санатын есепке алу жөніндегі өңірлік базаны құру, жастарды өнімді жұмыспен қамтуға тарту жөніндегі атаулы жұмыс, ақпараттық-түсіндіру жұмысы) сияқты бірқатар жобалар туралы мәселелер қозғалды.
Бұған қоса еліміздегі барлық 227 жастар ресурстық орталықтарының қызметін жетілдірудің жаңа тәсілдерін әзірлеу бойынша пікір алмастық.
Бүгін Шымкент қаласына іс-сапар барысында Шахмардан Байманов Еңбекші ауданына қарасты Қара төбе аумағы Базар қақпа тұрғын алабы жастарымен және «Айна базары» жұмысшы жастарымен кездесіп, оларды толғандыратын бірқатар проблемалық мәселелергеде тоқталып, талқылап, мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпараттандыру берілді.
Осы іс-сапар барысында жастармен көтерілген барлық проблемалық мәселелер мен ұсынымдарды мүдделі мемлекеттік органдармен пысықтайтын боламыз.