Министрлікте жастар ұйымдарымен өзара іс-қимыл үшін жаңа дискуссиялық алаң құрылды

Министрлікте жастар ұйымдарымен өзара іс-қимыл үшін жаңа дискуссиялық алаң құрылды

Жастар саясатын іске асырудың жаңа тәсілдері мен қазіргі проблемалары жастар ұйымдары басшыларының қатысуымен өткен жаңа пікірталас алаңының басты тақырыбына айналды.
Талқылауға Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Александр Данилов, Жастар және отбасы саясаты істері комитетінің, жастар ұйымдары өкілдері қатысты. Қатысушылардың назары өңірлерде қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылдың тиімді тетіктерін құру қажеттігіне аударылды.
Өз кезегінде, жетекші жастар ұйымдарының өкілдері: Тоқтар Болысов (Қазақстан жастар конгресі), Динара Сәдуақасова (Жас Ұлан), Татьяна Миронюк (Ұлттық волонтерлік желі), Тимур Джумурбаев (Конгресс жастары) және басқалар - жастар саясатын іске асырудағы кейбір тәсілдерді өзгерту жөніндегі бірқатар ұсыныстарды айтты. Ауылда жас мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету, прогрессивті жобаларды гранттық қаржыландыру, Жастар бастамалары қорын, белсенді жас спикерлер пулын құру және басқа да мәселелер қозғалды.
Кездесу барысында вице-министр Александр Данилов әртүрлі қоғамдық алаңдарда пікір алмасу мақсатында жастар ұйымдарының зияткерлік және қоғамдық әлеуетін біріктірудің өзектілігін атап өтті.
Мұндай кездесулер тұрақты негізде өткізілетін болады, Министрліктің ақпараттық ресурстарында орналастырылатын байланыс деректері арқылы қатысуға жазылу болады.