
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіру жұмыстарын жалғастыруда.
Осы орайда, Министрлік ҮЕҰ өкілдерінің қатысуымен келесі бағыттар бойынша диалог алаңдарын өткізуді жоспарлап отыр:
23 ақпанда - мемлекеттік қаржыландыру шеңберінде әлеуметтік жобалар тақырыптарын қалыптастыру бойынша;
25 ақпанда - әлеуметтік жобалардың тиімділігін мониторингілеу және бағалау тетіктері бойынша.
Диалог алаңдарының шеңберінде ҮЕҰ-ны мемлекеттік қаржылық қолдау тетіктерінің өзекті мәселелері талқыланып, оларды шешу жолдары бойынша ұсыныстар тыңдалады.
Диалог алаңдарының қорытындысы бойынша заңнамалық және нормативтік өзгерістердің жобасы әзірленетін болады.
Осы іс-шараларға қатысу үшін өтінімді (ұйымның аты-жөні мен атауын, байланыс телефондарын көрсете отырып) 2022 жылғы 22 ақпанға дейінгі мерзімде Азаматтық қоғам істері комитетінің көрсетілген электронды поштасына ( a.baktymbetova@qogam.gov.kz ) жіберу қажеттігін хабарлаймыз.
Қосымша ақпаратты мына номерлер бойынша алуға болады: 74-02-17, 74-05-11