Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Умаров Мемлекет басшысының экономикалық мәселелері жөніндегі кеңесшісі сэр Сума Чакрабартимен кездесті.
Кездесу барысында сэр С.Чакрабартидің 2022 жылға ұсынымдарын іске асыру мәселелері талқыланды. Министр ведомствоның жетекшілігіндегі салалар бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы хабардар етті.
Министр Асқар Умаров пен сэр Сума Чакрабарти алдағы бірлескен жұмыс мәселелері бойынша тұрақты диалогты дамытуға келісті.