
8-11 ақпан аралығында ҚР АҚДМ қолдауымен және қатысуымен мәслихат депутаттарына арналған Қазақстандағы Парламентаризмді дамыту қоры, ЕҚЫҰ-ның Нұр-Сұлтан қаласындағы бағдарламалар офисі, Қазақстандағы Интерньюс өкілдігі және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы ұйымдастырған «Сайлаушылармен, БАҚ және қоғаммен тиімді коммуникацияны қалай орнатуға болады?» деген тақырыпта вебинар өтеді.
Бұл вебинар алдыңғы жылы мәслихаттардың рөлі мен әлеуетін күшейту бойынша өткізілген тренингтер циклінің жалғасы болып табылады.
COVID-19 пандемиясының аясында тиімді коммуникациялар - дағдарысты сәтті еңсерудің және халықтың Үкімет шешімдері мен іс-әрекеттеріне сенім деңгейін арттырудың кілті екені белгілі.
2022 жылдың қаңтарындағы соңғы оқиғалар, коммуникациядағы проблемаларды ушықтырып, уақтылы және сенімді ақпарат болмаған жағдайда, жалған ақпарат пен фейк тез тарап кететінін айқын көрсетті.
Осыған байланысты, мәслихаттар депутаттарын өз сайлаушыларымен, БАҚ және қоғамдық топтармен; ұйымдармен коммуникация дағдыларын дамыту және жақсарту үшін аталмыш вебинарға қатысуға шақырамыз.
Вебинарға қатысу үшін келесі сілтеме бойынша арнайы тіркеуден өту қажет: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLScwFZDENskB1_W0TGdbPjTEhSqIM-3mRqnAkGAMKDYvLR9PNA/viewform