Сарапшылар NEET санатындағы жастардың перспективалары мен оларды әлеуметтендіру мәселелерін талқылады

Сарапшылар NEET санатындағы жастардың перспективалары мен оларды әлеуметтендіру мәселелерін талқылады

«NEET санатындағы жастар: әлеуметтену мәселелері мен оларды шешу жолдары» тақырыбына арналған «Jastar: ózekti másele» сараптама алаңының отырысы өтті.

Талқылауға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, орталық және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, республикалық жастар ұйымдарының басшылары, сарапшылар мен ғылыми қоғамдастықтың, сондай-ақ ҮЕҰ өкілдері қатысты. Шараға Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Александр Данилов қатысты.

Пікір алмасу барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Вера Ким жастардың қазіргі өзекті мәселелері мен қажеттіліктеріне назар аударды. Депутат жас азаматтардың проблемалары қаңтарда орын алған әлеуметтік-экономикалық оқиғалар мен жалғасып жатқан пандемия жағдайында одан әрі шиеленісіп жатқанын айтты.

Ал «Жастар» ҒЗО-ның Әлеуметтану зерттеулері және болжау басқармасының басшысы Евгения Руднева әлеуметтану зерттеулерінің өзекті нәтижелерін ұсынып, жастарды әлеуметтендіру мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқталып өтті.

Өз кезегінде БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Жасөспірімдер мен жастарды дамыту бағдарламаларының үйлестірушісі Айгүл Шәріпова қазіргі уақыттың диджитализациясы мен цифрландырудың жоғары деңгейіне байланысты өзіндік ерекшеліктер бар екендігіне назар аударды. Оның айтуынша жастардың мәселелері мен қажеттіліктеріне қатысты жаңа инновациялық тәсілдер қажет.

Сараптамалық алаңда «Альтернатива» өзекті зерттеулер орталығының директоры Чеботарев Андрей және Жастар қызметкерлері қоғамдастығы кеңесінің төрағасы Наурызбаев Нұрлыбай да өз пікірлерін білдірді.

«Jastar: ózekti másele» сараптама алаңы отырысының қорытындысы бойынша мемлекеттік жастар саясаты саласын жетілдіруге бағытталған ұсынымдар тізімі қалыптастырылды. Сарапшылардың барлық ұсынысы жастар саясаты саласындағы құжаттарды әзірлеуде қаралып, ескерілетін болады.

Аталмыш шараны ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің қолдауымен, барлық санитария-эпидемиология нормаларын сақтай отырып, онлайн форматта "Жастар" ғылыми зерттеу орталығы ұйымдастырды.