Тараз қаласында алты қарулы қылмыскер өлтірілді

Тараз қаласында алты қарулы қылмыскер өлтірілді

Тараз қаласында алты қарулы қылмыскер өлтірілді. 

Жамбыл облысы жедел штабының мәліметінше, 69 арандатушы ұсталды, бірқатар лаңкестік актінің алды алынған, 6 қарулы қылмыскер өлтірілді. Құқық қорғау органдарының бес қызметкері жарақат алды, 100-ден астам қызметтік көлік бүлінді. Облыс орталығында 11 блок пост қойылды. Соңғы тәулік ішінде қаскүнемдер блок посттарға 4 рет шабуыл жасаған. Қарулы топтар мүшелерін аняқтау және ұстау операциялары жалғасуда. Бұған полиция, ҰҚК, «Оңтүстік» аймақтық командованиесінің 2 мыңнан астам қызметкері мен әскерилер, сондай-ақ 100-ден астам техника бірлігі жұмылдырылды.