3000 мемлекеттік қызметкер мен қоғам белсенділері этносаралық қатынастар мәселелері бойынша тренингтерден өтті

3000 мемлекеттік қызметкер мен қоғам белсенділері этносаралық қатынастар мәселелері бойынша тренингтерден өтті

2021 жылы этносаралық қатынастардың өзекті тақырыптары бойынша 15 әдістемелік құрал әзірленді. Мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың 3 мыңнан астам қызметкерін қамтыған 23 семинар-тренинг өткізілді.

ҚР АҚДМ тапсырмасы бойынша Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері үшін әдістемелік құралдар әзірледі. Әдістемелік құралдар этносаралық салаға қатысты конфликтология, әлеуметтік жұмыс, этноэкономика, этнодемография, этнопсихология, медиация сұрақтарына арналған.

2021 жылы ҚР АҚДМ мемлекеттік тапсырмасы аясында Институт этносаралық келісімді қамтамасыз ету және дамыту саласындағы мемлекеттік саясат бойынша 5 зерттеу жүргізді. Зерттеулер осы саланың өзекті мәселелерін қамтыды, және әр өңірдің ерекшелігін ескерді.

ҚР АҚДМ қызметкерлері мен Институт зерттеушілері этносаралық қатынастар жағдайын зерттеу және дамыту бойынша нақты ұсыныстар әзірлеу үшін Қазақстанның 10 өңіріне мониторингтік сапарларға қатысты. Биыл мұндай сапарлар Солтүстік Қазақстан, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Атырау, Павлодар облыстары мен Шымкент қаласына жасалды.