
2021 жылғы 23 желтоқсанда, сағат 9:00-де Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның төрағалығымен, онлайн-форматта Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтеді.
Отырыста «Ашық үкімет» порталдарын және МО ИРБП-ны дамыту жөніндегі Комиссияның ұсынымдарын, сондай-ақ Мемлекеттік аппараттың бюрократизмін төмендету жөніндегі жол картасын іске асыруды талқылау және Комиссияның 2022 жылға арналған жұмыс жоспарының жобасын қарау көзделген.
Отырыстың тікелей көрсетілімі Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Facebook-тегі ресми парақшасында https://www.facebook.com/qogam.gov.kz/ өтеді.