ҚР Әскери сотының журналистің заң талаптарын бұзуына назар аудару қажеттігі туралы жеке қаулысына қатысты

ҚР Әскери сотының журналистің заң талаптарын бұзуына назар аудару қажеттігі туралы жеке қаулысына қатысты

Т.Ковалеваның кәсіби қызметті жүзеге асыру кезінде ҚР заңнамасы талаптарының, БАҚ қызметінің қағидаттарының өрескел және бірнеше рет бұзылуына назар аудару қажеттілігі туралы 2021 жылғы 5 қазандағы ҚР Әскери сотының Жеке қаулысына қатысты, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі төмендегіні хабарлайды.

Министрлік sotreport.kz интернет-ресурсында орналастырылған материалдарда сайттың қызметін тоқтату үшін негіздер көрінбейді деген ҚР Әскери сотының атына жіберілген Ақпарат комитетінің хатында белгіленген ұстанымды растайды.

Сонымен бірге, Әскери соттың жеке қаулысында көрсетілген бұзушылықтар көбінесе журналистік этиканы сақтау аспектілеріне жатады.

Министрлік журналистер өз лауазымдық міндеттерін жүзеге асырған кезде олардың құқықтарын тұрақты негізде қорғайтын болады. Журналистер сот процестерінің барысын жариялауға құқылы.

Сонымен қатар, барлық бұқаралық ақпарат құралдарын материалдарды тарату кезінде журналистік этиканы сақтауға және объективті әрі шынайы болуға шақырамыз.