Қазақстанда ҮЕҰ-ға арналған білім беру қосымшасы шығарылды

Қазақстанда ҮЕҰ-ға арналған білім беру қосымшасы шығарылды

ҮЕҰ өкілдері үшін құқықтық және басқарушылық білімдердің жүйелендірілген курсы жақында мобильді қосымша форматында қолжетімді болды.
Бұл өнім - 2021 жылғы маусым-қазан аралығында өткен, ҮЕҰ-ға арналған, жақында ғана аяқталған білім беру бағдарламасының нәтижесі.
Қосымша қоғамдық ұйымдардың жұмысына қажетті негізгі бағыттарды зерттегісі келетіндерге арналған. Ол жалпы білім беру бағдарламасының 8 модулін қамтиды, олардың ішінде: маркетинг және PR, фандрайзинг, жобаларды басқару, ақпараттық технологиялар, әлеуметтік дизайн, экономикалық және қаржылық сауаттылық, құқықтық және салықтық сауаттылық, есеп жазу.
Сонымен қатар, қосымшада әлеуметтік кәсіпкерлік мектебінің модульдері бар, мысалы, стратегиялық ойлау, тиімді басқару дағдылары, әлеуметтік маркетинг, қаржылық сауаттылық, бизнес-модель/бизнес-жоспар құру. Әр модульден кейін пайдаланушыларға білімдерін бекіту үшін тест тапсыруға мүмкіндік беріледі. Қосымшада барлығы әртүрлі әлеуметтік тақырыптар бойынша 100-ден астам қысқаша сабақтар таба аласыз.
«ҮЕҰ Академиясы» мобильдік қосымшасы - оқыту бағдарламасының логикалық жалғасы болды. Бұны «үстел кітабы» деп айтуға болады. Онда сіз біліміңізді жаңартып, тақырыпты қайталай аласыз немесе басқа жаңа нәрсе біле аласыз. Қосымша керек адамдарға таптырмас көмекші болатынына сенімдімін», - деп түсіндірді «ҮЕҰ Академиясы» жобасының жетекшісі Ирина Виговская.
Қосымшаны https://play.google.com/store/apps/details?id=com.academynpo.android сілтемесі бойынша тегін жүктеп алуға болады.
Естеріңізге сала кетейік, «ҮЕҰ академиясының» жаңа маусымы: маусым айында басталып, қазан айында аяқталды. Осы уақыт ішінде 3 негізгі бағдарлама – білім беру компоненті, «Өрелі ұрпақ» Әлеуметтік кәсіпкерлік мектебі және «ТАТ - Тренерлерге арналған Тренинг» бойынша 1 000-нан астам адам оқудан өтті.