II Ұлттық телевизиялық «Тұмар» бәйгесінің жеңімпаздары анықталды

II Ұлттық телевизиялық «Тұмар» бәйгесінің жеңімпаздары анықталды

 «Тұмар»  ұлттық телевизиялық бәйгесінің салтанатты марапаттау рәсімі 2018 жылдың 16 наурызында Қазмедиа орталығында өтті. Биылғы жылғы салтанатты іс-шара Қазақ телевизиясының 60-жылдығына арналады. Тілшілер, телевизия қызметкерлері, мемлекет және қоғам қайраткерлері мен эстрада жұлдыздарына қоса салтанатты кешке қазақ телевизиясының ардагерлері де шақырылды. Оларға ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев «Қазақ телевизиясына 60 жыл» мерейтойлық төсбелгілерін табыстады.

Өзінің құттықтау сөзінде министр ардагрелеріне отандық телевизияның дамуына қосқан үлестері үшін алғыс айтты.

«Елбасы Қазақстан Республикасының дамуындағы бұқаралық ақпарат құралдарының маңызына әрдайым мән береді және медиа саласының дамуына назар аударып отырады. Замауни инфрақұрылым мен сала даумына бөлініп отырған қыруар дотация соның дәлелі», - деді Дәурен Абаев. 

Биылғы жылы ұйымдастырушылар арнайы «Қазақ телевизиясын 60 жыл – ТВ дамуына қосқан үлесі үшін» атты марапатты енгізді оны Совет Масғұтовқа табыстады.

Ағымдағы жылғы бәйгеге 14 номинацяи бойынша өтінімдер қабылдау 15-қаңтар мен 1-наурыз аралығында жүргізілді. Олардың ішінде Астананың 20 жылдығына арналған ерекше номинация бар. Сонымен қатар «Үздік операторлық жұмыс», «Жыдың үздік тележүргізушісі», «Жылдың үздік тележурналисі», «Үздік режиссерлік жұмыс» жеке номинациялары.

2018 жылы «Тұмарға» 397 конкурстық жұмыс келіп түсті. Олардың ішінде қазылар алқасы Бәйге ережесінің талаптарына сәйкес ресімделген 355 конкурстық өтінімді қарауға қабылдады.

Өңірлік тұрғыда Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Батыс және Шығыс Қазақстан облыстарының телеарналары көбірек белсенділік танытты. 

Номинанттар арасынан ең көп қабылданған жұмыстар келесі номинацияларда: «Үздік деректі кино», «Үздік ағартушылық бағдарлама», «Үздік әлеуметтік бағдарлама», «Үздік ойын-сауық жобасы». 

Естеріңізге сала кетсек, «Тұмар»  ұлттық телевизиялық бәйгесі Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммункиациялар министрлігі тарапынан ең сапалы және маңызды телевизиялық мазмұнды тауып, дәріптеу үшін, талантты профессионалдарды қолдау және отандық телевизияның сапалық стандарттарын арттырып, қазақстандық телевизияның дамуын қамтамасыз ету мақсатында құрылған болатын.4

Жеңімпаздар тізімі:

Үздік ақпараттық бағдарлама - «Информбюро», 31 арна;

Үздік аймақтық арна - «Жетісу»;

Үздік ойын-сауық жобасы - «Мен қазақпын»,  Qazaqstan арнасы;

Үздік режиссерлік жұмыс - «Было дело», Қуаныш Оразалиев, КТК;

Үздік операторлық жұмыс- «Наедине с природой» Максим Левитин, Kazakh TV;

Жылдың үздік тележурналисі - Асхат Ниязов, Евразия бірінші арнасы;

Жылдың үздік тележүргізушісі - Дана Нуржігіт, Qazaqstan;

Телевизиялық маусымның үздік оқиғасы - «Ұлттық музыкалық жүлде», Хабар;

Үздік әлеуметтік жоба - «Карекет»,  Qazaqstan;

Үздік ағартушылық бағдарлама- «Сокровище нации», Kazakh TV;

Үздік телевизиялық сериал -  «Асыл арна»,  Астана телеарнасы;

Үздік деректі кино- «Так могло быть», «567 Cinema»;

«Қазақ телевизиясына 60»  салаға сіңірген еңбегі үшін номанциясын Совет Масғұтов алды;

Елорданың 20-жылдығына орай ерекше бәйге - Kazakh TV арнасына «Моя Астана» жобасы үшін.