
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Дарын Шылбынұлы Тұяқов ақпарат және коммуникациялар вице-министрі қызметінетағайындалды.
Дарын Шылбыұлы, Ю. Андропов атындағы Ленинград әуе-қорғаныс әскери-саясат училищесін, «әскери-саяси әуе-қорғаныс» мамандығы бойынша, Әл- Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, және Халықаралық бизнес академиясын заңгер, басқару магистрі мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1990 жылы ӘҚҚ радиотехникалық күштерінің жеке радиолокациялық ротасы командирінің орынбасары қызметінен бастаған.
Әр жылдарда Қорғаныс министрлігінде, Әділет министрлігінде, Алматыда коммерциялық құрылымдарда, «Қазақтелеком» АҚ–да қызмет атқарған.
Тағайындауға дейін «Қазақтелеком» АҚ–да бас директор – аппарат жетекшісі қызметін атқарған.