Министрлікте Тұңғыш Президент күніне орай қызметкерлерге құрмет грамоталары табысталды

Министрлікте Тұңғыш Президент күніне орай қызметкерлерге құрмет грамоталары табысталды

Бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Шара барысында мемлекеттік мерекенің тарихи маңызы атап өтілді. Еске сала кетейік, 1991 жылғы 1 желтоқсанда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бүкілхалықтық сайлауда Қазақстанның Тұңғыш Президенті болып сайланған болатын. Бұл мереке Елбасының Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде дамуына қосқан зор үлесін айғақтайды.

Салтанатты іс-шара барысында өз лауазымдарына алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдау рәсімі өтті.
Ведомствоның бірқатар қызметкерлері ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның атынан құрмет грамоталарымен марапатталды. Олардың ішінде: Талдау және стратегиялық жоспарлау департаменті басқармасының басшысы Әбдікәрімов Мұхтар, Дін істері комитеті басқармасының басшысы Стефогло-Ким Людмила, Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті басқармасының басшысы Мажитов Мақсат, Экономика және қаржы департаментінің бас сарапшысы Қабдуллаева Әсем, Ішкі аудит департаментінің бас сарапшысы Темірғалиев Ринат, Жастар және отбасы істері комитетінің бас сарапшысы Қуанғалиева Алмагүл, Азаматтық қоғам істері комитетінің бас сарапшысы Рүстемов Ербол, БАҚ-пен өзара іс-қимыл департаментінің сарапшысы Капаева Аида. Сондай-ақ, Заң департаментінің бас сарапшысы Жұмабаев Санжар мен Персоналды басқару департаментінің сарапшысы Қабдоллаева Салтанаттың ата-аналарына алғыс хат табысталды.
Экономика және қаржы департаментінің директоры Шериязданова Жанар Ярхановна  «Қаржы саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Қызметкерлер бүгінгі Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты іс-шараның Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығында өтуінің өзіндік символдық мәні бар екенін атап өтті.

Іс-шара барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып өтті.