КазГЮУ-да мемлекеттік тілді дамыту және жастарға арналған жаңа мүмкіндіктер туралы айтылды

КазГЮУ-да мемлекеттік тілді дамыту және жастарға арналған жаңа мүмкіндіктер туралы айтылды

Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тлеповтің, сондай-ақ Мәдениет және спорт, Білім және ғылым министрліктері өкілдерінің қатысуымен М.Нәрікбаев атындағы КазГЮУ профессор, оқытушылар құрамымен және студенттерімен кездесу өтті.
Кездесу «Ұлттық рухани жаңғыру» Ұлттық жобасын жүзеге асырудың негізгі үш бағытына арналды.
Болат Тлепов ұлттық жобаның үш бағытты, жеті міндетті, 20-дан астам көрсеткішті және 60-тан астам ірі іс-шараны қамтитынын еске салды. Сондай-ақ, вице-министр: «Кез келген ұлттың рухани жаңғыруы оның ана тілінен басталады. Қазір біз мемлекеттік тілді оқыту бойынша көптеген жобаларды іске қостық. Болашақ қоғам бейнесі – бұл бүгінгі ұрпақты тәрбиелеуге көп нәрсе байланысты. Міндет шеңберінде «Ұлттық тәрбие», «Кемел болашақ», «Ұлағатты ұрпақ» сияқты жобаларды қолға алып отырмыз. Жалпы 2025 жылға дейін мәдени тәрбиеге қатысты жобалармен мектеп оқушыларын 100% қамту мақсатын қойдық», - деді Б.Тлепов.
Сонымен қатар, АҚДМ, БҒМ, МСМ өкілдері мәдениет саласындағы «Ел Рухы» бағыты туралы, сондай-ақ «Тәуелсіздік ұрпақтары» Ұлттық жобасының жеке бағыты аясында жастарға арналған жаңа мүмкіндіктер туралы айтып берді.
Университеттің жүргізіліп жатқан жұмысы туралы КазГЮУ жалпы білім беру пәндері департаментінің үйлестірушісі Каргашев Расул да хабардар етті.
Университет «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстанның киелі жерлеріне тарихи-туристік экскурсияларға қатысады. ЖОО-да тұрақты түрде: «Ақталмаған үміттер», Абай, Керей-Жәнібек, Cоңғы хан, Баталасу, Ұлықтау, Ескендір, Кенесары және т.б. тарихи театр қойылымдары қойылады.
Каргашев Расулдың айтуынша, бұл іс-шаралардың барлығы университет оқушылары арасында мәдениет пен патриотизм деңгейін арттыруға бағытталған.