552 әйел қиын өмірлік жағдайдан шығу үшін өзекті дағдыларды игерді

552 әйел қиын өмірлік жағдайдан шығу үшін өзекті дағдыларды игерді

Бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен "Өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды қолдауға бағытталған шаралар кешенін әзірлеу және енгізу" жобасының қорытындысы шығарылды.

Жобаны іске асыру барысында Қазақстанның барлық өңірлерінен 552 адам түрлі салалардағы мамандықтарды игеру туралы сертификаттарға ие болды. Өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасы мүшелері тігін шеберлігі, клининг, құрақ тігу, макияж, жеміс шоғыры, аспаздық, СММ және т.б. сияқты жаңа, сұранысқа ие мамандықтарды оқыды.
Жобаға көп балалы отбасылардан, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан 10-нан астам белсенді консультанттар, жаттықтырушылар және қызметкерлер ретінде тартылды.
Жоба бұл мамандықтардың дұрыс таңдалғанын көрсетті. Мәселен, жаңа мамандық алғысы келетіндер жоба аясында оқытылғаннан көп болды. Қатысушылар оқу үрдісінің сапалы ұйымдастырылуын, оқыту үшін барлық қажетті материалдар мен құралдарды ұсынылғанын атап өтті. Оқыту үшін ұсынылған барлық мамандықтар практикалық нәтижеге ие болды: отбасылық бюджетті үнемдеу, қосымша табыс табу мүмкіндігі, жұмыс істеп жатқан әйелдердің қызметтерін кеңейту арқылы кірісті арттыру.