«Ақпараттық Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасын 2017 жылы жүзеге асыру бойынша есеп тыңдалды

«Ақпараттық Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасын 2017 жылы жүзеге асыру бойынша есеп тыңдалды

Қазақстан Республикасының ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың төрағалық етуімен «Ақпараттық Қазақстан-2020» бағдарламасын 2017 жылы жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өтті. Жиналыс барысында Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Инвестициялар және даму, Ішкі істер, Білім және ғылым, сондай-ақ Мәдениет және спорт министрліктерінің өкілдерінің баяндамалары тыңдалды.

Бағдарламаның басты мақсаты ақпараттық қоғамға көшу үшін қажетті жағдай жасау, мемлекеттік басқаруды жетілдіру, ашық және «мобильді үкімет» құру, ақпараттық инфрақұрылымның қолжетімділігін дамыту болып табылады.

Бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде 2017 жылы «Электронды үкімет» индексі (БҰҰ әдістемесіне сәйкес) алғашқы 30 елдің қатарына енді (2012 жылы - 38 орын, 2014 - 28 орын). Халықтың компьютерлік сауаттылығы деңгейі 78% -ға дейін өсті, ұлттық спутниктік желілер абоненттерінің саны 1,3 млн. асты, ал интернет желісіне қолжетімділігі бар үй шаруашылықтарының үлесі 85% -ға жетті.

«Ақпараттық Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасы 4 бағыт бойынша жүзеге асырылды, оның аясында 2017 жылы 83 көрсеткішке жету жоспарланған.