
The World Government Summit-тің өткізілуі шеңберінде кездесу барысында «Қазақпарат» халықаралық ақпараттық агенттігінің бас директоры Әсел Төлегенова мен «WAM» ақпараттық агенттігінің атқарушы директоры Аль-Раиси мырза ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат кәсіби бірлестіктер мен халықаралық ұйымдардағы мүшелік шеңберінде елдер арасында тәжірибемен, жаңалық материалдармен, ақпараттық қызметтермен алмасуды, ынтымақтастықты және үйлестіруді болжайды. Құжат журналистердің алмасу бойынша тағылымдамасын да көздейді.
«Біз Қазақстан Республикасымен бұрыннан бері тығыз қарым-қатынастамыз, бұл келісім екі ел арасындағы ақпараттық сала бөлігіндегі өзара іс-қимылды күшейтеді, жаңалықтармен алмасуды жеңілдетеді, бір біріміз туралы толығырақ ақпарат беріледі деп үміттенеміз. Біз бірлескен ынтымақтастықта үлкен мүмкіндікті және болашақты көреміз. Сондай-а, біз осы бағытта жұмысты бастай отырып, өзіміздің мүмкіндіктерімізді кеңейте аламыз деп ойлаймын», - деді Мохамед Джаляль Аль Раиси
«Біз араб еліне шақырғандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз. Бұл екі ел арасындағы өзара іс-қимылды жалғастыруға көмектеседі. Біз БАӘ-мен ынтымақтасуға қызығушылық танытып отырмыз. Екі елдің көшбасшылары екі мемлекет арасындағы өзара іс-қимыл жемісті болуы үшін барлығын жасауда. Бұдан басқа, ынтымақтастық шеңберінде 2017 жылғы 10 маусым 10 қыркүйек аралығында Қазақстанның елордасында өтетін алдағы Expo 2017 дүниежүзілік көрмесін толық жариялауға ниеттіміз. Табысты ынтымақтасуға үміттенеміз», - деді Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев.
«WAM» ақпараттық агенттігі 1976 жылы құрылған және бүгінде БАӘ-дегі ең танымал ақпараттық тұғырнама болып табылады.