
ҮЕҰ арасында «Таңдау» байқауы басталды. Шараны ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Қазақстанның Азаматтық альянсы ұйымдастырып отыр. Сыйлық Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған 10-шы Азаматтық форум аясында табысталады.
Байқаудың негізгі идеясы – Қазақстанның әлеуметтік және қоғамдық өміріне, тәуелсіздіктің орнығуы мен азаматтық қоғамның қалыптасуына үлес қосқан қазақстандық ҮЕҰ қызметінің жетістіктерін көпшілік алдында тану.
«Таңдау» республикалық сыйлығының конкурсына қатысуға коммерциялық емес үкіметтік емес ұйымдар шақырылады. Сыйлық алуға ізденушілерді жеке тұлғалар, адамдар тобы, қоғамдық ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары, бизнес-құрылымдар мен кәсіпорындар, ҮЕҰ және мемлекеттік органдар ұсына алады.
Марапатталғандарға тұлғаларға тиісті номинация бойынша «ТАҢДАУ» Республикалық сыйлығының лауреаты» атағы, лауреаттың атаулы дипломы және естелік мүсінше табысталады. Марапаттау рәсімі 26 қарашада Алматыдағы Азаматтық форумда өтеді.
2021 жылы сыйлық 15 номинация бойынша беріледі:
Жұмыстар келесі критерийлер бойынша бағаланады:
Конкурстық комиссия қоғамдық-саяси көшбасшылар, ҮЕҰ өкілдері, Парламент депутаттары, бизнес-құрылымдар мен мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйым өкілдерінен жинақталатынын атап өткен жөн.
Өтініштер тек электронды түрде қабылданып, тікелей ұйымдастырушылардың ( grazdanskiiforum2021@gmail.com ) электрондық поштасына 2021 жылдың 13 қарашасына дейін жіберілуі керек.
Байқаудың ережесімен Қазақстанның Азаматтық альянсы сайтындағы сілтеме арқылы танысуға болады: https://clck.ru/YeNRu
Байқау нәтижелері 2021 жылдың 26 қарашасында жарияланады.
Анықтамалық деректер:
«ҚОҒАМ МЕН МЕМЛЕКЕТТІ ТҰРАҚТЫ ДАМЫТУҒА МҮДДЕЛЕС СЕРІКТЕСТІККЕ - 30 ЖЫЛ» атты Қазақстанның Х Азаматтық форумы (әрі қарай – Форум) 2021 жылғы 22-26 қараша аралығында өтеді.
Еліміздегі қоғам қайраткерлерінің басын біріктіретін дәстүрлі шара биыл аралас форматта өтеді: алғашқы 3 күн – онлайн, 4-5 күн жартылай оффлайн және онлайн (Алматы қ.).
Онлайн форматтағы шаралар Қазақстанның Азаматтық альянсы мен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Facebook және YouTube әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында тікелей трансляцияланып, сақталады. Ал офлайн форматтағы пленарлық отырыс Алматыда өтеді.
Еске салайық, Азаматтық форум – 2003 жылдан бері Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен әр екі жыл сайын Қазақстанның Азаматтық альянсының ұйымдастыруымен өткізіліп келе жатқан дәстүрлі алаң.