
Ұлттық брендті анықтау бойынша Байқаудың Сарапшылық кеңесінің отырысы өткізілді. Отырысқа атақты қоғам және саяси қайраткерлер, мемлекеттік органдардың, мәдениет және өнердің өкілдері қатысты.
Сарапшылық кеңестің мүшелері отырыс барысында бірауыздан Байқауға қатысуға ұсынылған жұмыстарды Қазақстан Республикасының Ұлттық брендіне қойылатын талаптарға сәйкес келмейді деп таныды. Осыған сәйкес, Байқау өтпеді деп танылды.
Ұлттық брендті анықтау бойынша алдағы жұмыс ҚР Сыртқы істер министірлігімен және ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен бірлесе отырып халықаралық және қазақстандық қатысушыларды тарту арқылы жүргізілетін болады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық брендін анықтау бойынша республикалық Байқау 2016 жылғы 31 тамызда басталды. Байқауға қатысу үшін өтінімдерді қабылдау 31 тамыз және 15 қазан аралығында жүргізілді. Осы кезеңде 966 өтінім келіп түсті. 2016 жылғы 12 қарашада Байқаудың 1 кезеңі – Интернет-қолданушылардың дауыс беруі аяқталды. Өздеріне ұнаған жұмыстарға 171 198 адам өз дауыстарын берді. Дауыс беру қорытындысы бойынша, ең көп дауыс жинаған 40 жұмыс Сарапшылық кеңестің қарауына шығарылды.
Байқаудағы барлық жұмысқа сілтеме
Қазақстан Республикасының Ұлттық брендін анықтау бойынша Байқаудың Сарапшылық кеңесінің
отырыстарына қатысушылардың
ТІЗІМІ
|
1 |
АБАЕВ Дәурен Әскербекұлы |
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі |
|
2 |
ПРОКОПЕНКО Леонид Андреевич |
Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары |
|
3 |
АБДРАХМАНОВ Асқар Сауытбекұлы |
ҚР СІМ ХАҚ төрағасының орынбасары |
|
4 |
ҚҰНАНБАЕВ Нұрбек Сейтқамзаұлы |
ҚР ИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төраға орынбасары |
|
5 |
КАРИН Ерлан Тынымбайұлы |
«Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төрағасы |
|
6 |
АЯҒАН Бүркітбай Ғелманұлы |
ҚР БҒМ Ғылым комитетінің «Мемлекет тарихы институты» мемлекеттік мекемесінің директоры |
|
7 |
ОШАҚБАЕВ Рахым Сакенұлы |
тәуелсіз сарапшы |
|
8 |
НҰРБЕК Саясат |
«Астана» Халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі» АҚ басқарушы директоры |
|
9 |
СЫДЫҚНАЗАРОВ Мұхит-Ардагер Қаржаубайұлы |
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы Қазіргі заманғы зерттеулер институтының директоры |
|
10 |
ҚАРАУЛОВА Әсел Әділқызы |
Қазақстан баспасөз клубының президенті, ҚР қоғаммен байланыс Ұлттық қауымдастығы кеңесінің төрағасы |
|
11 |
МАҒЗИЕВА Сұлушаш |
«KAZNEX INVEST» АҚ маркетинг және коммуникациялар бойынша басқарушы директоры |
|
12 |
ЖАЗЫЛБЕКОВ Нұрлан Әбдіжапарұлы |
«KAZBRANDS» Қоғамдық қоры басқармасы төрағасы |
|
13 |
ЖЕМКОВ Руслан Сергеевич |
«Еуразиялық Медиа Форум» Халықаралық қорының бас директоры |
|
14 |
АЙДАШОВ Бағлан |
«IGraphic» дизайн-бюросының бас директоры |
|
15 |
ФЕДОРОВ Яков |
«Қазпочта» АҚ Карталық технологияларды қолдау бөлімінің басшысы, блогер |
|
16 |
КЕНЖЕБЕК Өркен |
«Хабар» Агенттігінің Арнайы жобалар қызметінің жүргізушісі, блогер |
|
17 |
БҰХАРБАЕВ Бақытжан |
суретші , блогер, журналист |
|
18 |
ДУЯНОВА Татьяна Александровна |
«Empire Group» ЖШС филиалының директоры |
|
19 |
АХМЕТЖАНОВА Әмина |
Қазақстандағы Сыртқы сауда палатасының Азия және Таяу Шығыс елдермен ынтымақтастық бөлімінің басшысы |