
Жұма күні, 17 наурызда, Астана қаласы «Қазмедиа орталығының» концерт залында Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі тағайындаған I Ұлттық телевизиялық жүлдесі ұсынылды.
Жүлдені тағайындаудың басты мақсаты — сапалы қазақстандық телевизияны ілгері жылжыту және дамыту, мемлекеттің ең сапалы және өзекті контентін анықтау арқылы телевизиялық контенттің өндірісінде дарынды кәсіпқойларды қолдау. 12 ақпаннан бастап 7 наурызға дейін бүкіл Қазақстан бойынша ұйымдастыру комитетіне телевизия саласында асыға күткен кәсіби марапатты алу үшін өтінімдер қабылданды. Нәтижесінде қазақстандық телеарналардың эфиріне 2016 жылы шыққан 12 аталым бойынша 214 жоба ұсынылды. Жеңімпаздар марапаттау рәсіміне бірнеше сағат қалғанда ғана белгілі болды, 13 сарапшыдан құралған әділқазылар алқасы жабық дауыс беру режимінде өз таңдауын жасады.
«Тұмар» I Ұлттық телевизиялық жүлдесінің лауреаттары:
«Телевизияның дамуына қосқан үлесі үшін»: жазушы-публицист, мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР Президенті жүлдесінің иегері, Телевизия және радио халықаралық академиясының академигі Сұлтан Оразалы;
«Телевизиялық маусымның ең үздік оқиғасы»: «Atameken business channel» телеарнасының ашылуы;
«Ең үздік деректі кино»: «Тайны и судьбы великих казахов» («Хабар» агенттігі»);
«Ең үздік әлеуметтік жоба»: «Айтуға оңай» ( «Қазақстан» телеарнасы);
«Ең үздік ақпараттық бағдарлама»: Информбюро (31 арна);
«Ең үздік ақпараттық-сараптамалық бағдарлама»: Apta.kz («Қазақстан» арна).
«Ең үздік музыкалық бағдарлама»: «Музыкальный перфоманс» («TV Key» компаниясы);
«Ең үздік ток-шоу»: «Наша правда» («Судьба человека», «КТК» телеарнасы);
«Ең үздік телевизиялық телехикая»: «Әке» («Қазақстан» телеарнасы);
«Ең үздік әзіл-сықақ бағдарлама»: «Күлегеш» («Балапан» телеарнасы);
«Ең үздік аймақтық ақпараттық бағдарлама»: «Адасқандар» («Қазақстан-Атырау» телеарнасы);
«Ең үздік аймақтық ақпараттық бағдарламасы»: «Город сегодня» (Рика ТВ, Ақтөбе).