Сүйіндік Ләззат Ақпарат комитетінің төрағасы болып тағайындалды

Сүйіндік Ләззат Ақпарат комитетінің төрағасы болып тағайындалды

ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Сүйіндік Ләззат Кеңесқызы Ақпарат комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Сүйіндік Ләззат Кеңесқызы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін, Ұлыбританияның Шейффилд университетін («Болашақ» бағдарламасының түлегі, өнер магистрі) тәмамдаған, сонымен қатар Шеффилд Университеті, Ұлыбритания, ("Болашақ" бағдарламасының стипендианты).

2005 жылы – Қазақстан Республикасы Жастар Конгресі қоғаммен байланыс бөлімінің менеджері.

2005-2006 жылдары ─ «Парасат» ақпараттық-талдау орталығы біріккен қоғамының бас маманы.

2006-2008 жылдары – Астана қаласы әкімдігі Ішкі саясат департаменті Ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімінің сарапшысы.

2008-2014 жылдары – Мәдениет және ақпарат министрлігінде әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарған.

2014-2016 жылдың шілдесіне дейінгі аралықта Қазақстан Республикасы Инвестициялар мен даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті Электрондық БАҚ басқармасының басшысы қызметінде жұмыс істеген.

2016 жылдың 4 шілдесінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.

2019 жылдың 21 мамырынан Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінің төрағасы лауазымына  тағайындалды.