Мемлекеттік органдардың ашық деректерінің бірыңғай тізбесі бекітілді

Мемлекеттік органдардың ашық деректерінің бірыңғай тізбесі бекітілді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы № 774 қаулысымен Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын мемлекеттік органдардың ашық деректерінің бірыңғай тізбесі бекітілді (www.data.egov.kz).

976 жиынтықты қамтитын Бірыңғай тізбені қабылдау мемлекеттік органдардың ашық деректерін жүйелендіруге және біріздендіруге, сондай-ақ мемлекеттік аппарат қызметінің тұтастай ашықтығын арттыруға бағытталған.

Айта кетейік, бұған дейін әрбір мемлекеттік орган ашық деректер тізбесін дербес әзірлеп, бекіткен болатын.

Қаулы https://www.gov.kz/memleket/entities/qogam/documents/details/228378?lang=kz  сілтеме бойынша қолжетімді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.