«OTAU TV» спутниктік телевизиясы көрермендері үшін жаңа «OTAU+» топтамасын ұсынады

«OTAU TV» спутниктік телевизиясы көрермендері үшін жаңа «OTAU+» топтамасын ұсынады

«Қазтелерадио» АҚ ұлттық операторы спутниктік теледидар желісінде шетелдік телеарналарды сапалы түрде қоса отырып «OTAU +» жаңа топтамасын іске қосты.

Енді 66 тегін отандық теле- және радио арналардан басқа, көрермендер 14 шетелдік түрлі жанрдағы телеарналарға қол жеткізе алады. Топтаманың құны айына 500 теңгені құрайды.

«OTAU TV+» топтамасы келесі қосымша арналарды қосады. Олар: «РТР Планета», «Рен ТВ интер», «Домашний», «СТС», «Мама», «Мульт», «Cartoon Network», «Amedia-2», «Дом кино», «Cinema», «Музыка Первого», «Здоровое ТВ», «Россия 24» және «Bollywood».

Естеріңізге сала кетсек «OTAU TV» спутниктік телевизиясының «Тегін» топтамасында  66 отандық теле- және радио арналар (абоненттік ақысыз)  SD және HD форматтарында көрсетіледі.

Ақылы топтамаға қолжетімділік алу үшін қосымша жабдықтарды орнатудың қажеті жоқ.

«Қазтелерадио» АҚ спутниктік хабар тарату желісі Қазақстан аумағының 100% қамтылуын қамтамасыз етеді, онда кез-келген елді мекеннің кез-келген тұрғыны тікелей спутниктік қабылдау қызметтерін ала алады. «ТВ-коммерция» ЖШС-мен жасалған келісім-шарт аясында «Казтелерадио» АҚ инфрақұрылымын пайдаланып шетел телеарналарын көтеру арқылы, базалық топтамадағы 66 арнаны тегін және 76 арнаның «Премиум» топтамасында ақылы түрде, «VIP» топтамасында  4 арна (олар HD форматындағы 20 арнаны қамтиды) көрермендерге тамашалауға ұсынуға мүмкіндік жасады.