Алматыда баспасөз хатшыларына арналған оқыту семинары өтті

Алматыда баспасөз хатшыларына арналған оқыту семинары өтті

«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және К. Аденауэр ат. қордың қолдауымен 2021 жылғы 25 және 27 қазанда «Мемлекеттік органдардың баспасөз хатшыларының медиа құзыретін дамыту» атты оқыту семинарын өткізді.
Екі күн бойы қатысушыларға журналист, «БАҚ-қа жақын баспасөз хатшысы» құралының авторы Мадина Алимханова, сондай-ақ фактчек-журналистер Думан Терлікбаев пен Жансерік Тілеухан ақпарат берудің заңнамалық нормаларын іс жүзінде қолдану және БАҚ өкілдері, журналистермен өзара қарым-қатынас мәселелерін түсіндірді.
Семинарға орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың баспасөз қызметінің 40 өкілі қатысты.
Оқыту қазақ және орыс тілдерінде жүргізілді.