БАҚ өкілдерімен өзара іс-әрекет ету жөніндегі уәкілетті тұлғаның(бөлім)үлгі ережелері бекітілді

БАҚ өкілдерімен өзара іс-әрекет ету жөніндегі уәкілетті тұлғаның(бөлім)үлгі ережелері бекітілді

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі БАҚ өкілдерімен өзара іс-әрекет ету жөніндегі уәкілетті тұлғаның(бөлім) үлгі ережелерін бекітті.

БАҚ өкілдерімен өзара іс-әрекет ету жөніндегі уәкілетті тұлғаның (бөлім) құзіретін заңды тұрғыдан бекітетін норма Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу» бойынша қарастырылған.

Аталған норма Уәкілетті тұлғаның (бөлім)  мәртебе мен міндеттерді бекіту және БАҚ өкілдері мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-әрекетін реттеу мақсатында жүзеге асырылды.

Ережеге сәйкес, Уәкілетті тұлғаның (бөлім) БАҚ өкілдерімен өзара іс-әрекет етудің негізгі мақсаты мемлекеттік органдардың құзіретіне қатысты уақытылы және сапалы хабар тарату.

Негізгі қойылған талап – мемлекеттік органдардың оң имиджін қолдау және мемлекеттік органдардағы ортақ ақпараттық саясатты қалыптастыру үшін мемлекеттер орган бөлімшелері арасындағы тиімді өзара іс-әрекет етуді қамтамасыз ету.

Бекітілген ережелерге сәйкес баспасөз хатшылары немесе уәкілетті қызметкер мемлекеттік органның құзіретіне байланысты шынайы және қажет ақпаратты беруге міндетті, БАҚ-тағы ақпарат әзірлігіне көмектесу, журналистердің уақытша немесе тұрақты тіркеуін жасау және мемлекеттік органның құзіретіне қатысты ақпараттың кең ауқымды және толық таратылуын қаматамасыз етуі тиіс.

Сондай-ақ баспасөз хатшылары мен баспасөз қызметтерінің құзіретіне баспасөз мәслихатын, брифинг, сұхбаттарды ұйымдастыру және БАҚ-пен лауазымды өкіл арасындғы кездесулер ұйымдастыру кіреді.

Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың баспасөз хатшысы құрылымдық бөлімшелерден қажет ақпарттың бәрін сұратуға, уәкілетті органнан кеңестік қызметтерін алуға және біліктілікті арттыру курстарынан өтуге құқылы.

Уәкілетті тұлғаның (бөлім)  мақсаты, құқықтары мен міндеттері қамтылған құжат   «Казахстанская правда» және «Егемен Қазақстан» газеттері мен Министрліктің ресми сайтында жарияланды.