
Елорда күні қарсаңында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев мемлекеттік қызметшілерге «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медальдарын тапсырды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстанның мемлекеттілігінің қалыптасуына, егемендігінің нығаюы мен әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Заң департаментінің директоры Эльвира Ибраева, Халықаралық мәдениеттер мен діндер орталығының директоры Айдар Абуов, Дін істері комитеті талдау және жоспарлау басқармасының басшысы Еркін Қадырғалиев мерекелік медальмен марапатталды.

Министр мемлекеттік қызметшілерді Елорда күнімен құттықтап, зор денсаулық, елдің гүлденуі мен тәуелсіздігі үшін алдағы міндеттерді жүзеге асыруда сәттілік тіледі.