Нұрлан Ермекбаев «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру барысы жөнінде баяндады

Нұрлан Ермекбаев «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру барысы жөнінде баяндады

2017 жылғы 19 шілде күні Қазақстан Республикасы Үкіметінің баспасөз орталығында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың қатысуымен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының төртінші бағытын жүзеге асыру бойынша баспасөз мәжілісі өтті.

Баспасөз мәжілісі барысында Нұрлан Ермекбаев Ұлт жоспарының 87-қадамы «Менің елім» азаматтық бірегейлікті нығайту жалпыұлттық жобасын жүзеге асыру және әзірлеу» және 89-қадамы «Нұрлы Болашақ» ұлттық жобасын жүзеге асыру және әзірлеу» бағыттарын орындау бойынша баяндады.

«Бес институтционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында Мемлекет басшысы елдегі азаматтық қоғам институттарын нығайту мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Бұл жағдайда ағымдағы жылы 4 мамырда ҚР Парламенті Мәжілісіне енгізілген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне үкіметтік емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасының маңызы зор.

Заң жобасында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс нәтижелерін бағалауды енгізу қарастырылған. Бұл тұрғындардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жүзеге асырылатын қызмет сапасымен қанағаттану дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді.