Діни бірлестік өкілдері дін саласындағы Заң жобасын талқылады

Діни бірлестік өкілдері дін саласындағы Заң жобасын талқылады

2017 жылғы 23 тамызда Бейбітшілік және келісім сарайында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заң жобасын талқылау мақсатында Қазақстанның діни бірлестіктері өкілдерінің кезекті жиналысы өткізілді.

Аталаған іс-шараға Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Б.С Арын, Дін істері комитетінің төрағасы Е.А. Оңғарбаев, Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының директоры  А.П Әбуов, сондай-ақ діни бірлестіктердің, атап айтқанда Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының, Қазақстандағы православ шіркеуінің, Қазақстандағы Рим-Католик шіркеуінің, Евангельдік-лютеран шіркеуінің, Евангельдік христиан-баптистер шіркеулері Одағының, Кришна Санасы Қоғамының, Қазақстан діни бірлестіктері Қауымдастығының басшылары мен өкілдері қатысты.

 

Жиын барысында вице-министр заманауи қоғамның шынайы дамуын есепке ала отырып, дін саласындағы заңға өзгерістер енгізудің еліміздегі бейбітшілік пен келісімді нығайтудағы маңыздылығын атап көрсетті. Дін істері комитеті басшылары аталған заң жобасы бойынша дайындалған өзгерістер мен толықтырулар туралы толыққанды түсіндіріп, құжатты дайындау барысында негізге алынған дәлелдерді баяндай отырып таныстырды.

Өз кезегінде, діни бірлестік өкілдері аталған заң жобасы бойынша басталған жұмысқа жалпы қолдау көрсетіп, өздерінің ұсыныстары мен ескертулерін ұсынды.