
18 қыркүйек күні ҚР Парламентінің Мәжілісінде ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қызметін талқылауға арналған үкімет сағаты өтті. Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев үкімет сағаты барысында өзінің баяндамасын таныстырды.
2017 жылғы 18 қыркүйек Астана қ.
Министрлік дін, азаматтық қоғам, жастар саясаты салаларында мемлекеттік саясаттың жүзеге асуын қамтамасыз етеді.
Дін саласы бойынша
Министрлік Мемлекет басшысының жарлығымен бекітілген Дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017 – 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасының негізінде заңнамалық актілерге түзетулерді көздейтін құжаттар пакетін әзірледі. Заң жобасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»деп аталады. Заң жобасында көзделген жаңашылдықтар дін саласындағы мемлекеттік саясатты реттеу барысында мемлекеттің рөлін күшейту болып табылады.

Қазіргі уақытта Заң жобасын қоғам өкілдері мен сарапшылар талқылауда, сондай-ақ ағымдағы жылдың қазан айында Парламент Мәжілісіне енгізу жоспарланып отыр.
Қазақстанда жалпы саны 18 конфессияны құрайтын 3693 діни ұйым өз қызметін жүзеге асыруда. Қазақстандықтардың 16 % дінге сенушілер қатарына жатады және де тұрақты түрде діни рәсімдерді орындайды. Азаматтарымыздың 75 % өздерін әр түрлі дінді ұстанушылар қатарына жатқызады, бірақта діни жоралғыларды тұрақты түрде орындамайды. Ал, азаматтардың 10 % атеистер мен агностик бағытты ұстанады.
Тұңғыш ретдеструктивті діни ағымдар мен псевдосалафизимге қарсы Үкіметтің тікелей позициясы айқындалды. Қазақстандықтардың 85 % деструктивті идеялардың таралуына қарсылық білдірген.
Халықтыақпараттандыру мен діни сауаттылығын арттыру мақсатында елімізде 306 арнайы теологиялық және ақпараттық топ жұмыс істейді. Министрлік ақпараттық топтар үшін 50 әдістемелік ұсынымдар әзірледі. Аталған топтардың қатысуымен 13 мыңнан астам әр түрлі форматтағы іс-шаралар өткізілді. Аталған іс-шараларға 1 млн. адам жұмылдырылды. Сондай-ақ, «КazIslam.kz» интернет порталымен бірлесіп жұмыс жүргізілуде.
Үкімет жанында дін мәселелері жөніндегі ведомсвааралық комиссиясын құру туралы бастама көтерілген болатын. Министрлік жанында дін мәселелері жөніндегі және дін көшбасшыларының Сарапшылар Кеңесі бар. Әр жылда бір рет дінтанушылар форумы өткізіліп отырады.Министрлік Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасымен дін саласында бірлесіп жұмыс атқару мақсатында ынтымақтастық туралы меморандум бекіткен. Діни ұйымдарды қолдау және дін қызметкерлері жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында «Уақып» қайырымдылық корпоративтік қоры құрылды.
«Нұр Мүбәрәк» Мысыр ислам университетін Қазақстанның қарамағына өткізу үшін қазіргі уақытта Мысыр елімен келіссөздер жүргізілуде.
2017 жылы Министрлікбаспа өнімдерін шығаратын 2925 нысандарға талдама жұмыстарын жүргізіп, оның ішінде 136 нысанның заңға қайшы әрекетін анықтады. Ғаламтор кеңістігі бойынша екі жылдың ішінде 14 628 сайт зерттеліп, оның ішінде 3371 ғаламтор ресурсы құқыққа қарсы келетін теріс бағыттағы материалдар жариялаумен айналысқаны анықталды.
Радикалды бағыт ұстанатын тұлғаларға түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Мәселен, «Нұр-Мүбәрәк» университетінің жанында экстремизмге қарсы іс-қимыл саласы бойынша теологтарды дайындайтын институт құрылды. Аталған білім ордасында 40 имам қайта даярлау курстарынан өтті. ІІМ мен ҚАЖК(қылмыстық атқару комитеті) жүйесінде діни экстремизм үшін сотталғандарды бейімдеу бойынша жұмыстар өткізу ұйымдастырылды. Дін саласы бойынша туындайтын сауалдар үшін «Қауырт желі 114» желісі іске қосылды, өткен жылы осы желі арқылы халықтан 515 өтініш келіп түскен.
Аталған жұмысқа қоғамдық ұйымдар мен психологиялық бейімдеу мекемелері жұмылдырылған. Атап айтқанда, - Ақниет» бейімдеу орталығы, «Насихат», «Аңсар», «Шапағат», «Нұрлы Білім» сияқты ұйымдар тиісті жұмыстарды жүзеге асырады. Мамандар деструктивтік ағымдардың белсенділерімен кездесіп, оларға арнайы дәріс өткізеді. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығын қорытындылай келсек, теологиялық кеңестерге жүгініп, бейімделуден өткендердің саны- 1134 адамды құраған, ал, ҚАЖК(қылмыстық атқару комитеті) - жүйесі бойынша – 281 адамға көмек көрсетілді.
Азаматтық қоғам саласы бойынша
ҮЕҰ тұрақтылығын көтермелеу мақсатында институционалдық және құқықтық-нормативтік жүйені күшейту бойынша жұмыстар атқарылуда. 2016 жылы «Үкіметтік емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы әзірленуде.
Қазақстанда жалпы саны 19680 ҮЕҰ тіркелген, олардың ішінде 13839 ұйым өз қызметін жүзеге асыруда. Үкіметтік емес секторда 29 мың адам жұмыс істейді. Министрлік мемлекет және ҮЕҰ арасында басты диалог алаңдарының, Азаматтық форум өткізу және ҮЕҰ байланыс жөніндегі Үйлестіру Кеңесінің жұмыстарын жүргізуде. Аталған іс-шараларда ҮЕҰ заңнамалық және институцианалдық тұрғыда даумына қажетті маңызды мәселелер талқыланады. Тұтастай алғанда, республика бойынша ҮЕҰ мен мемлекет арасындағы байланысты дамыту мақсатындағы 300 диалогтық алаңы жұмыс істейді. Сондай-ақ мемлекет, бизнес және ҮЕҰ қатысатын үшжақты «АСАР» әріптестік алаңы құрылған.

Министрлік әрбір азаматты туған жерінің өзекті мәселелерін шешуде белсенділік танытуын көздейтін «Атамекен» кіші бағдарламасын әзірледі. 2016-2020 жылдарға арналған ҮЕҰ мен Мемлекеттің байланысын дамыту бойынша Ұлттық жоспар жүзеге асуда. Қоғамдық Кеңестердің құқықтық базасы жетілдірілуде. Министрлік 229 қоғамдық кеңестің, ҮЕҰ және халықаралық ұйымдардың ұсыныстарын назарға алды. Осының негізінде «Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ережені бекіту туралы» Үкімет Қаулысы дайындалды. Бұдан бөлек, «Волонтерлік қызметке мониторинг жүргізу және Тіркеу Реестрін» жүргізу бойынша Үлгілік ережесі әзірленді. Мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ байланысын қамтамасыз ету бойынша- сыйлықақы және грант беру арқылы қаржы тетіктерінің жаңа нысаны енгізілуде. Ағымдағы жылы ҮЕҰ сыйлықақы беру бойынша тұңғыш рет конкурс өтуде. 2017 жылы ҮЕҰ сыйлықақы беру үшін 68 млн. теңге бөлінген, сыйлықақының ең аз мөлшері – 2000 АЕК құрайды (4,5 млн. теңге). Сыйлықақы әлеуметтік жобаларды сәтті жүзеге асырған үкіметтік емес ұйымдарға берілетін болады. 2016 жылы министрлік гранттар бойынша 11 жобаны жүзеге асырды, ал бұл жылы 55 жобапны қолға алмақ. Сонымен бірге, ҮЕҰ деректер базасын қалыптастыру бйоынша жұмыстар жалғасуда.

Жастар саясаты
Қазақстанда жастардың саны 4 млн. адамды құрайды. Министрлік жанындағы жастар ұйымдарын дамыту бойныша Үйлестіру кеңесінің қызметі қайта жанданды. Жастардың бойында патриотизм мен азаматтық ұстамды дамыту мақстында қажетті жағдайлар жасалуда. Жастар Конгресімен бірлесіп, Қазақстанның жастар форумы ұйымдастырылды. Осы Форумның арқасында жастар Мемлекетбасшысы және мемлекеттік органдардың басшыларымен жүзбе-жүз кездесіп, өздерінің идеялары мен ұныстарынемін-еркін жетізуге мүмкіндік алды. Жастардың шығармашылық және ғылыми ұмтылысын қолдау мақсатында «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына конкурс өткізілді. Сондай-ақ ШЫҰ мемлекеттері басшылары Кеңесінің отырысы шеңберінде жастар форумы өткізілді. Мұнымен қоса, жастардың орта және жоғары білім алуға мүмкіндік туғызу және еңбек нарығы бойынша, сұранысқа ие жаңа мамандықтар туралы жастарға толық ақпарат беру бағытындағы «Түлектер тақтасы» жобасы іске қосылды. Өңірдегі жастардың шығармашылық тұрғыда дамуы үшін қажетті орындарды ашу үшін инфрақұрылымды күшейту мәселесін Үкіметтің қарауына енгізу туралы бастама жасалды. Халықтың 60% үлесі мемлекет пен азаматтық қоғам инститтутарының өзара әріптестігін оң бағалады. Ал, мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асуы халықтың 75% тарапынан қолдауға ие болды.
ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің
баспасөз қызметі
*diakm_rk@mail.ru( 8 (7172) 74-00-85