
Astana Hub IT-стартаптары халықаралық технопаркінің акселераттау бағдарламасы қатысушыларының алғашқы легінің бітіріп шығу шарасы өтті. Технопракте стартап-командалары акселераттау бағдарламасы бойынша қол жеткізген нәтижелері туралы айтылып, өздерінің жобаларының тұсаукесерін жасаған DemoDay болды.
Акселераттау бағдарламасы ағымдағы жылдың ақпан айында іске қосылған болатын. Мұқият алдын ала таңдаудың қорытындысы бойынша 151 өтінімнің он төрт стартаптарымен 11 команда таңдап алынды. Акселераттау бағдарламасын 10 жоба сәтті аяқтады, оның ішінде 8-і Astana Hub-та резиденттігін алды: Смарт Заправка, AI labs, BBaby, Kompra, Eventum, Media Scanner, JayBox және Azimut. Сонымен бірге, КазМоторс, BBaby, Game Of Drones – акселераттау бағдарламасының екінші легіне өтуге шақырту алды, оны бір айдан соң іске қосу жоспарлануда.
Бағдарлама қорытындысы бойынша стартап-командалар бизнес құруда ерекше нәтижелер көрсетті. Смарт Заправка жобасын иеленушілер бір ай ішінде пайдаланушылар санын 2000-нан бастап 2850-ге дейін өсірген және «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС АЖҚ желілеріне сервисті қосу бойынша келіссөздер жүргізе бастады, Eventum.one жобасы 3 аптада 6 сатылым жасаған және Өзбекстан нарығына шығуға дайындалуда, Kompra жобасы акселераттау бағдарламасы басталған сәттен бастап сатылымды 300%-ға өсірген, Jaybox проекциялық компьютері $30,000 сомасында инвестиция тартқан және Қазақстанның ірі сауда желісімен келісім-шартқа қол қою кезеңінде тұр, Azimut командасы Қазпочта Цифрлық кеңсесінде және оның бөлімшелерінде пилоттық жобаны іске қосқан.
Іскерлік байланыстарды және халықаралық серіктестікті реттеу мақсатында 2018 жылдың мамырында Astana Hub-тың бес стартапы өздерінің жобаларын Беларуссияда өтетін халықаралық «ТИБО» АКТ-форумында таныстыруға барады, ал үш стартап-жобасы Smart Zholy бағдарламасының шеңберінде Echelon Asia Summit-не барады.
Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркі «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Ақпарат және коммуникациялар министрлігі жанынан құрылған болатын
Анықтамалық:
Акселераттау бағдарламасының алғашқы легі аясында шығарылған стартап-жобалар: