Нұрлан Ермекбаев «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының жұмысымен танысты

Нұрлан Ермекбаев «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының жұмысымен танысты

Бүгін, 20 қыркүйек күні, Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының жұмысымен танысты.

Министр Орталықтың қызметімен танысып, мекеме ұжымымен кездесу өткізді. Кездесу барысында Нұрлан Ермекбаев жастар саясаты саласындағы бірқатар басым бағыттарды атап көрсетті.

«Жастар саясатын жетілдіру бойынша жүйелі шараларды әзірлеу керек. Бұл барлық салаларға тікелей қатысты. Атап айтқанда, жұмыспен қамту, білім, мәдениет, халықаралық қатынас, қызмет көрсету, спорт және т.б салалар. Жастар саясатын республикалық және жергілікті жерлерде жетілдіру бойынша жүйелі шараларды әзірлеу үшін халықаралық тәжірибені ескере отырып, нақты өлшенген индикаторлар дайындау керекпіз»- деп атап өтті министр Нұрлан Ермекбаев.

 

«Жастар» орталығы методологиялық және зерттеу жұмыстарының операторы ретінде диалогтық алаңға айналуы тиіс» - деді Дін істері және азаматтық қоғам министрі. Сондай-ақ, «Қазақстан жастары 2017» Ұлттық баядамасын әзірлеу барысында мәселелер мен ұсыныстар жан-жақты назарға алынуы қажеттігін айтты.

Өз кезегінде «Жастар» ҒЗО орталығының директоры Талғат Қалиев орталық қызметінің басты бағыттарымен және атқарылып отырған жұмыстарымен таныстырды.

Естеріңізге сала кетейік, «Жастар» ҒЗО 2017 жылғы 4 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қарауына берілген болатын. Орталық мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылып, қазіргі күні мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз ету және ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізумен айналысады. Сондай-ақ орталықтың мақсаты мемлекеттік жастар саясатының тиімділігін арттыру болып табылады.