Журналистердің құқықтары бұзылған жағдайда оларды қолдау регламентінің жобасы бойынша

Журналистердің құқықтары бұзылған жағдайда оларды қолдау регламентінің жобасы бойынша

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі журналистердің құқықтары бұзылған жағдайда оларға қолдау көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында «Журналистердің құқықтары бұзылған жағдайда оларды қолдау регламентін» (бұдан әрі - Регламент) әзірледі. Регламентте журналистердің, мемлекеттік органдардың құқықтары мен міндеттері және журналистердің құқықтары бұзылған жағдайдағы Министрліктің іс-әрекеттері көрсетілген.
Осыған байланысты, регламентті одан әрі жетілдіру шеңберінде Министрлік барлық мүдделі тұлғаларды талқылауға қатысуға шақырады.
Регламент жобасы https://www.gov.kz/memleket/entities/qogam/documents/details/221164?lang=kk сілтемесі бойынша қолжетімді.
Ескертулер мен ұсыныстарыңызды a.mukazhan@qogam.gov.kz эл.поштасына жіберуді сұраймыз. Ұсыныстарды қабылдау а.ж. 25 қазанына дейін жүзеге асырылады.