Он күн бойы жобаға қатысушылар басқарушылық құзыреттілікті және көшбасшылықты дамыту, жастар ортасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының қағидаттарын енгізу бойынша оқыту, тренингтерден өтті, жастар саясаты және жастар жұмысының негіздері бойынша семинарларға қатысты, сондай-ақ жобалық менеджмент бойынша курстан өтті.
Оқыту келесі алаңдарда өтті: «Нұр Отан» партиясының Саяси менеджмент мектебі, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы, «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты және «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы.
Тренер, дәріскер болып кәсіби коуч, бизнес-тренер, өз саласының танымал кәсіпқойлары қатысты.
«Кәсіби даму Академиясы» жобасының барлық қатысушылары конкурстық негізде іріктеуден өткенін еске саламыз. 40-тан астам өтінімнің ішінен 20 қатысушы іріктеліп алынды, олар Қазақстанның барлық өңірлерінен жастар саясаты саласындағы басқару корпусының өкілдері болып табылады.