
2021 жылғы 07-08 қазанда ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтымен (бұдан әрі-Институт) бірлесіп «Азаматтық бірегейлікті қалыптастыру процесіндегі БАҚ рөлі және интеркультурализм әдістері» тақырыбында тренинг өткізді.
Екі күндік тренингке этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға тартылған жергілікті атқарушы органдардың мамандары, баспасөз қызметтерінің басшылары, БАҚ, этномәдени бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және басқалар қатысты.
Тренинг Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин және Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Талғат Қалиевтің алғы сөздерімен ашылды.
Тренинг Институт сарапшыларының, мамандарының қатысуымен өтті. Іс-шара жұмысында интеркультурализмнің этнодемографиялық параметрлері, негіздер мен қағидалары, этностереотиптер және олардың этникалық топтардың өзара қарым-қатынасына әсері, БАҚ-та этносаралық қақтығыстарды жариялау ережелері, медиативтік процестегі бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі қарастырылды. Бұдан бөлек, қатысушылар азаматтық бірегейлікті қалыптастырудың шетелдік тәжірибесін (АҚШ, Канада, Австралия, Ұлыбритания, Франция) қарастырды, олардың тиімді әдістері мен тәсілдері егжей-тегжейлі талқыланды, күшті және әлсіз жақтары, сондай-ақ шет елдерде азаматтық бірегейлікті қалыптастыру саясатын іске асыру мүмкіндіктері талданды.
Тренинг интерактивті жұмыс әдістерін қолдану арқылы өткізілді. Қатысушылар пікірталастарға белсенді қатысып, сұрақтарға жауап бере отырып, пікірлерімен және тәжірибелерімен бөлісті.
Тренинг қорытындысы бойынша қатысушыларға толтыру үшін кері байланыс сауалнамасы ұсынылды, онда олар тренерлердің жұмысын бағалап, іс-шараны қорытындылай отырып, өз тілектерімен бөлісті.